Екеуі де қансыраған күйі дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, халдері ауыр. 2 жасар баланы періштесі қаққан болуы керек, ол дін аман. Апат жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус жүргізушісінің ереже бұзуынанорын алған. Куәгерлердің айтуынша, тапа-тал түсте жылдамдықты шектен асырған жүргізуші тежегішті басып үлгірмепті. Жолаушыларды қағып өткенавтобустың қатты соққыдантерезесі де шытынап кеткен. Қазір полиция үш бірдей адамның өмірін жазым ете жаздаған жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастырып жатыр.