«Қарағандыда вокзал маңындағы алаңда «ПАЗ» автобусының 39 жастағы жүргізушісі 59 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды», — делінген хабарламада.
Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.