Қарағандыда дүкен өртеніп, бір адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда дүкен өртеніп, бір адам қаза болды

Қарағандыда дүкен өртеніп, бір адам қаза болды

Қарағандыда өткен түнде дүкеннен өрт шыққан. Бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенді шарпыған жалынды сөндіргеннен кейін, өрт сөндірушілер ер адамның мәйітін тапқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің өңірдегі тілшісі.

  • 8 Қараша 2017
  • 155
Фото - Caravan.kz

Қарағандының Пришахтинск шағын ауданында орналасқан «Әмбебап» дүкені өткен түні сағат 3.00 шамасында өртенген. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, дүкеннің 15 шаршы метр аумағын жалын шарпыған. Үйден 40 адам эвакуацияланған, оның ішінде 7 бала бар.

«Әмбебап» дүкенінде өрт шыққаны жайлы ақпарат түнгі 3.31-де түсті. Өртті сөндіруге 6 техника мен 27 адам жұмылдырылды. Тілсіз жау сағат 3.59-да ауыздықталып, 4.15-те толықтай сөндірілді. Ол жерден ер адамның мәйіті табылды», — дейді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.

Қазіргі уақытта өрттің не себепті шыққаны және қаза болған ер адамның кім екендігі анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар