Қарағандыда елордалық жасөспірімдерді тонаған ресейлік азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда елордалық жасөспірімдерді тонаған ресейлік азамат ұсталды

Қарағандыда елордалық жасөспірімдерді тонаған ресейлік азамат ұсталды

Елордалық полицейлер қала аумағында тонаушылық жасаған Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматын ізін суытпай Қарағандыда ұстады,

  • 26 Қазан 2015
  • 310
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ұсталған азамат қылмысын жасаған соң, қылмыстық қудалау органдарынан жасырыну және ұрлаған ұялы телефондарды Қарағанды аумағында сату мақсатымен сол қалаға кеткені анықталды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-бөлімі бойынша сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.