Қарағандыда ер адам 7 жасар қыздың соңынан аңдып, подъезде зорламақ болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда ер адам 7 жасар қыздың соңынан аңдып, подъезде зорламақ болды

Қарағандыда ер адам 7 жасар қыздың соңынан аңдып, подъезде зорламақ болды

Қарағандыда ер адам 7 жасар қыздың соңына түсіп аңдыды. Күдіктінің полицейлер ұстады.

  • 11 Желтоқсан 2019
  • 87
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті бұрын педофильдік әрекеті үшін сотталған ер адам болып шықты. Анасы полицияға хабарлап белгісіз ер адамның қызының соңынан түсіп, подъезде зорламақ болғанын айтты. Полицей мен қыздың әкесі бірге жүріп күдіктіні тапты.

Күдікті дәл осындай әрекеті үшін бұрын 12 іске қатысты болған. Былтырғы жылы мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған.

Полиция күдіктіге қатысты толық мән-жайды жария етпеді. Сондықтан оның не үшін мерзіменен бұрын бостандыққа шыққаны айтылған жоқ. 


Ата-анасы жедел қызмет еткен полцейлерге алғысын айтты. 

"Біз дереу мектеп маңына қарай бет алдық. Жаяу жүргіншілер жолағынан ер адамды кездестірдік. Ол осы іске қатысты күдікті болып шықты", — деді патрульдік полиция полкінің полицейі Ақниет Арғынов.

Соңғы жаңалықтар