Жарияланды: 30

Қарағандыда «каратэ» секциясында жарақат алған жасөспірім көз жұмды

Қарағандыда «каратэ» секциясында жарақат алған жасөспірім көз жұмды

Қарағандыда каратэ секциясында 14 жастағы бала дене жарақатын алған. Жасөспірім ауруxанаға жетпей көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оқыс оқиға наурыз айының 8-і күні Қарағанды іргесіндегі Дубовка елді мекенінде орын алған. 14 жастағы бала «каратэ» секциясындағы жаттықтырушының қатысумен болған жаттығу барысында дене жарақатын алған. Дәрігерлер жасөспірімнің өмірін сақтап қала алмады. Кәмелеттік жасқа толмаған бала «жедел жәрдем» қызметімен облыстық кардиологиялық орталығына жеткізу барысында қайтыс болды. Құқық қорғау қызметкерлері іс қозғады, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

«Полиция қызметкерлері жәбірленуші жаттықтырушының қатысуымен болған «каратэ» секциясындағы жаттығу кезінде дене жарақаттарын алғанын анықтады. Болған оқиғаның толық мән-жайын және себеп-салдарын жан-жақты нақтылау мақсатында сотқа дейінгі тергеу басталып, қорытындысы бойынша жаттықтырушы мен жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, басқа ақпараттар Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жарияланбайды.

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше дәрігерлер оқиға орнынан 10 минутта жеткен. Алайда, жасөспірім ақ халаттылар келгенге дейін көз жұмған.

«8 наурыз күні 19 сағат 06 минутта жедел медициналық қызмет көрсету станциясының кезекші бөліміне 112 нөмірінен, яғни полиция қызметкерлерінен баланың тұншығып жатқандығы жайлы қоңырау түскен. Дәрігерлер бригадасы бірден жолға шықты. Диспетчерді баланың тұншығып жатқандығы алаңдатып, біз көмекке балалар дәрігерлерінен құралған бригаданы жібердік. 10 минуттан кейін жедел жәрдем оқиға орнынанда болды. Алайда, дәрігерлер келгенге дейін бала қайтыс болған. Бірақ, бұған қарамастан, стандарт бойынша барлық реанимациялық шаралар жасалды. Бірақ оның нәтижесі болмады. Баланың айналасындағылардың өтінішімен 2005 жылы туылған жасөспірім облыстық кардиохиругия орталығына жеткізілді. Жолда да, стационарда да реанимациялық шаралар жасалды. Алайда бұның да нәтижесі болмады. 2005 жылы туылған бала қайтыс болды», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқарамысының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін