Қарағандыда колония басшысы пара алған күдікті ретінде танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда колония басшысы пара алған күдікті ретінде танылды

Қарағандыда колония басшысы пара алған күдікті ретінде танылды

Қарағанды. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда Қарағанды облыстық ҰҚКД тергеу басқармасы АК 159/18 санды мекемесінің басшысы, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының подполковнигіне қатысты пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Қыркүйек 2008
  • 473
Фото - Caravan.kz

«АК 159/18 мекемесінің бастығы өзінің қызмет бабын пайдаланып, материалдық пайда табу қамымен бір сотталғанның анасынан ақша бопсалағаны белгілі болған. 400 мың теңге көлеміндегі ақшаны подполковник әлгі әйелден баласына жақсы жағдай жасап бергені үшін бопсалаған», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«14 қыркүйек күні Қарағанды облыстық ҰҚКД қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында Қарағандыдағы орталық саябақта «Чао-Ян» мейрамханасының маңында сотталғанның анасынан 400 мың теңге пара алғаннан кейін АК 159/18 мекемесінің қызметкерін қамауға алды», -деп хабарлайды ҰҚКД.

Ұсталғанның көлігінің ішінен параға берілген ақша табылып тәіркіленді. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 4-тармағының «а» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар