Жарияланды: 520

Қарағандыда машина жасау зауытында өрт шықты

Қарағандыда өткен сейсенбі күні Пархоменко ат. машина жасау зауытында өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ.

Ведомствоның мәліметінше, өрт 13:57-де шыққан. Зауыттағы екі өнеркәсіптік трансформатор (негізгісі 5,6 кВт және резервтегі 4 кВт) өртенді. Өрт нәтижесінде өндіріс тоқтатылды, делінген ақпаратта. 14:25-те өрттің жайылуы шектеліп, 15:29-ға толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 23 қызметкері мен 10 техникасы тартылды. Жалын 120 м2 аумақты шарпыды.Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін