Жарияланды: 450

Қарағандыда нан бағасының бірден 11 теңгеге қымбаттауы жұртты шошытты

Қарағандыда да нан бағасы күрт қымбаттап кетті. Осыған дейін 47 теңгеден сатылып келген әлеуметтік нанның бағасы 58 теңгеге бір-ақ шарықтаған.

Бұған, қазына қаражатының жұқаруы себеп. Осыған дейін мемлекет наубайханаларға сатып алатын бидайдың әр тоннасына 12 мың 500 теңгеден субсидия бөліп келген екен. Осы күзде субсидия көлемі 2 жарым мың-ақ теңге болыпты. Соның салдарынан шығынға шаш етектен баттық деген наубайханашылар дүкендерге өткізілетін нан бағасын көтеріп отыр. Қазір сөрелердегі ең арзаны баға 53 теңге, кейбір дүкендер ас атасын 58-ден сатып жатыр. Шенеуніктер нан пісіретіндер мен сататындардың әрекетіне тосқауыл бола алмайтындарын жасырмайды. Тіпті келер жылы әлеуметтік нан атаулы болмауы мүмкін дегенді де айтты.

Сағынжан Апақашов, Қарағанды облыстық Ауылшарушылығы басқармасы басшысының орынбасары :

-Шығындарын жабу үшін әрбір тоқсан сайын субсидия бөлініп келді. Бірақ субсидялар төмендеп келе жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша мына жаңа жылдан бастап нанды босатып қоя беретін шығармыз

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін