Жарияланды: 460

Қарағандыда оралмандарға арнап пәтер сатып алуға тендер жарияланды

Бүгін, 12-тамызда Қарағандыда коммуналдық меншікке пәтер сатып алуға арналған тұңғыш тендер өткізіледі. Қарағанды облыстық коммуналдық меншік департаменті басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлауынша, пәтерлер облысқа мемлекеттік квота бойынша көшіп келген оралмандарға арнап сатып алынбақшы.

Департамент жалпы алғанда 560 отбасына арнап үйлер мен пәтерлер сатып алуды көздеп отыр. Ондағылардың айтуынша, "облыс баға және шарт жағынан ең тиімді ұсыныстарды қарастыратын болады. Ал тұрғын үйлер қала және ауылдық аудандардың қай-қайсысынан да сатып алынады".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін