Қарағандыда полицейлер жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер үшін 20 литрден астам қан тапсырды
![]() |
Қарағанды облысының полицейлері «Қан тапсырып, өмір сыйла!» шарасына қатысты. |
Бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Республикада «Жолда жүру қауіпсіздігінің апталығы» өтіп жатыр. Шара аясында Қарағанды облысының тәртіп сақшылары «Қан тапсырып, өмір сыйла!» акциясын ұйымдастырды. Шараға 60-тан астам адам қатысты, олардың 24 донорлар болып табылады», - делінген хабарламада.
Полицейлер шамамен 22 литр қан тапсырды.
Қарағанды облысында жыл басынан 760-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 144 адам қаза тауып, 937 азамат жарақаттанған.
«Жолда жүру қауіпсіздігінің апталығы» республикалық акциясы жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін Бүкіләлемдік жол-көлік апатының құрбандарын еске алу күні қарсаңында өтіп жатыр


Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін