«Қайғылы оқиға Думан Әзімханов қызметтік сапарда болған кезде орын алды», — деді аудандық әкімдікте.
Ер адам сегізінші қабаттың терезесінен секіріп кетіп, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Нұсқалардың бірі бойынша суицидке жуырда оған ауыр дерт диагнозының қойылуы себеп болды.
«Аталған факті бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.