Жарияланды: 550

Қарағандыда "Құқық пен тәртіп" шарасының нәтижесі шығарылды

Қарағанды облысында 12-18-сәуір аралығында өткізілген жедел алдын -алу мақсатындағы "Құқық пен тәртіп" шарасының барысында 848 қылмыс тіркеліп, олардың 804-і әшкереленді. Сондай-ақ, ертеректе жасалған 107 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Шара барысында іздеуде жүрген 52 қылмыскер ұсталып, хабар-ошарсыз кеткендер санатындағы 24 адам анықталды. Шара кезінде 24 қару, соның ішінде 9 ойындылы қару заңсыз айналымнан шығарылды. Жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды заңсыз сақтауға қатысты 16 дерек әшкереленді. 17-сәуірде Шахтинск қаласында қолдан жасалған жарылғыш құрал алып жүрген 52 жастағы еркек ұсталды. Құрал оқ-дәрі, бытыра және шегелермен жабдықталып, аэрозольды баллоннан жасалыпты. Қазір осы дерек бойынша тергеу жүргізілуде, құралдың иесі қамауға алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін