Қарағандыда Құрбан айт мерекесі қарсаңында үшем дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда Құрбан айт мерекесі қарсаңында үшем дүниеге келді

Қарағандыда Құрбан айт мерекесі қарсаңында үшем дүниеге келді

Қарағандыда құрбан айт мерекесі қарсаңында жас жұбайлардың шаңырағында үшемдер дүниеге келді. Саран қаласында пәтер жалдап күнелтіп келген оларға биліктегілер көмек қолын созып, баспана сыйға тартты.

  • 15 Қазан 2013
  • 319
Фото - Caravan.kz

Жас отбасының 5 жасқа келген Владислав есімді тұңғыштары бар. Енді оның қатарын Максим, Илья және Полина есімді үшемдер толықтырып отыр.  Дүниеге шыр етіп келген шараналардың салмақтары да әжептәуір. Екі келінің айналасында екен. Жас отбасының Саран қаласында пәтер кезегінде тұрғанына көп жылдай болыпты. Осыны ескерген қала басшылығы үшемдердің отбасына 3 бөлмелі пәтерді сыйлап жіберді. 


Оксана Рассказова, үшемдердің анасы:

— Мынау тамаша сыйлық болды біз үшін. Өзім жетім өскендіктен болшақта үлкен отбасым болса деп армандайтынмын. Енді міне төрт балам бар, оған қоса баспана да бұйырды.