Жарияланды: 390

Қарағандыда «қылмыс картасы» құрылды

Қарағандыда қалада жасалған қылмыстар жедел түрде бейнеленетін «қылмыс картасы» құрылды.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті облыстық басқармасынан хабарлады. «Бұл карта - жабық немесе қызметтік ақпарат емес. Оған ғаламторды пайдалануға мүмкіндігі бар әр адамға кіруге рұқсат беріледі, ол комитеттің ақпараттық сервисіндегі блогында орналастырылған (http://service.pravstat.kz/map.html#). Алдымен қылмыс мәліметтер базасына енгізіліп, тіркеледі, кейін картада бейнеленеді», - деді басқарма басшысы Әбу-Әли Саттар. Картадан қаладағы ең қылмысты жерлерді көруге болады. Бір айдың ішінде 3 рет қылмыс жасалған орындар қызыл түспен белгіленеді. «Қылмыс картасы» әзірге тек Қарағандыда құрылған. «Алдағы уақытта бұндай карталар облыстың барлық өңірлерінде құрылатын болады», - деді басқарма басшысы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін