Қарағандыда «қылмыс картасы» құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда «қылмыс картасы» құрылды

Қарағандыда «қылмыс картасы» құрылды

Қарағандыда қалада жасалған қылмыстар жедел түрде бейнеленетін «қылмыс картасы» құрылды.

  • 24 Қазан 2012
  • 371
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті облыстық басқармасынан хабарлады.

«Бұл карта — жабық немесе қызметтік ақпарат емес. Оған ғаламторды пайдалануға мүмкіндігі бар әр адамға кіруге рұқсат беріледі, ол комитеттің ақпараттық сервисіндегі блогында орналастырылған (http://service.pravstat.kz/map.html#). Алдымен қылмыс мәліметтер базасына енгізіліп, тіркеледі, кейін картада бейнеленеді», — деді басқарма басшысы Әбу-Әли Саттар.

Картадан қаладағы ең қылмысты жерлерді көруге болады. Бір айдың ішінде 3 рет қылмыс жасалған орындар қызыл түспен белгіленеді.

«Қылмыс картасы» әзірге тек Қарағандыда құрылған. «Алдағы уақытта бұндай карталар облыстың барлық өңірлерінде құрылатын болады», — деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар