Жарияланды: 320

Қарағандыда сасыған еттен дайындалған самса жеген жігіт сатушыларды жағадан алды

Қарағандыда сасыған еттен дайындалған самса сатылған. Қала тұрғындарының бірі бұзылған тағамнан ауыз тие сала, сатушыларды жағадан алды. Әрі болған жағдайды ұялы телефонына түсіріп, ғаламторға жария еткен.

Мына кадрлерде өлексе татыған тағам аузына түсіп ашуланған жігіттен аспаз әйел үндемей құтылды. Ас дайындайтын орынның санитарлық жағдайы да сын көтермейді екен. Видео ғаламторға жария болғанымен, Қарағандының автовокзалындағы дүңгіршек әлі күнге жұмыс істеп тұр. Сатушысы «бұл бізге дейінгі адамдардың ісі» деп азар да безер. Ал таспа авторы сасық еттен тағам даярлайтындарға қатысты шараның қолданылмағанына қапалы.  

Данияр Елемесов, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Тістедім ше. Тістесем сасып кеткен ет ше. Болды, сасып кеткен етпен айналысады бұлар ше. Маған айтады да, басқа ешкім шағымданған жоқ деп. Қалай шағымданады? Бұл вокзал. Алады да самсаны жол жүріп кетеді болды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін