Қарағандыда су басқан аумақтар ретке келтірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда су басқан аумақтар ретке келтірілуде

Қарағандыда су басқан аумақтар ретке келтірілуде

Бұқар жырау ауданы Чкалов ауылында бүгін су тасқыны салдарын жою мақсатында сенбілік өтті, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасынан.

  • 24 Сәуiр 2015
  • 281
Фото - Caravan.kz

Сенбілікті облыс әкімдігі мен «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырды.

«Чкалов ауылында 240 адам тұратын 102 үйдің 75-ін су басты.  Сенбілікке қатысушылар кенттің 2 га аумағын тазалап, қоқыстан арылтты. Үйлерден жарамсыз болып қалған жиһаздар сыртқа шығарылды», — делінген хабарламада.

Бұдан басқа, ТЖ салдарынан  жиналып қалған үйінділер сыртқа шығарылып, екі саябақ ретке келтірілді,   ағаштардың түптері ағартылды.

«Қазірде кентте су басқан үйлер мен аулалар судан тазартылды. Су және электр жүйелері қалпына келтірілді. Зардап шеккендерден өтініш қабылдау штабы жұмыс істеп жатыр. Оларға гуманитарлық көмек беріледі», — деп мәлім етті ішкі саясат басқармасынан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, су тасқынынан жаппай зардап шеккен Ғ. Мұстафин кентінде де сенбілік өтті.  Акцияға 500 ерікті — студентер, «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері жұмылдырылды. 400 тонна қоқыс жиналып, сыртқа шығарылды.