Қарағандыда тазалық-індет қызметі қайта құрылды
Қарағанды облысының әкімі Камалтин Мұхамеджановтың бұйрығымен облыстық тазалық-індет қызметі қайтадан құрылды. Қазір мұнда мемлекеттік тазалық-індет бақылау қызметі жөніндегі департамент пен санитарлық сараптама және зертханалық зерттеулер жөніндегі облыстық орталық деген екі дербес заңды тұлға құрылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
Департамент директорының міндетін атқарушы болып облыстың бас санитарлық дәрігері Серік Сатеков тағайындалды. 1-шілдеге дейін оның басқаруымен департамент пен орталықтың қызметкерлер құрамы бекітіледі. С.Сатековтың айтуынша, қайта құрудың басты мақсаты - тазалық-індет қызметіне бақылау-қадағалау функциясын беру болып табылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін