Шаруашылық тобында жұмыс істейтін қылмыскерлер абақтыдағы жөндеу жұмыстары кезінде бой тасалаған. Абыр-сабырды пайдаланған олар, алдымен әкімшілік ғимаратқа еніпті. Кейін терезелердің бірін ашып, сыртындағы торын керіп, табандарын жалтыратқан. Қашқынның екеуі де шартты мерзімде бостандықта жүру ережесін бұзғаны үшін қайта қамауға алынған көрінеді. Біреуінің жазасын өтеп болуына 3 жарым жыл қалса, екіншісі 1 жыл 8 айдан кейін бостандыққа шығуы керек екен. Енді бұл мерзімдер еселеніп кетуі мүмкін. Өйткені аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал жыл басынан бері осымен екінші рет тұтқын қашырып отырған тергеу қапасында тексеру жүргізілуде.