25 тәулікке қамалған жігіт төсектің металл шыбығын пайдаланып, өзінің ішін тілген, деп хабарлады бейсенбіде Қазыбек би ауданы прокуратурасының бөлім бастығы Сейдахмет Өткіров.
Жігіт ауруханаға жеткізілді.
Прокуратура деректеріне қарағанда, ол туыстарын балағаттағаны және көлікті мас күйінде айдағаны үшін тұтқындалған.