Қарағандыда Украина консулдығының ғимаратына әдепсіз сөз жазғандарға іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда Украина консулдығының ғимаратына әдепсіз сөз жазғандарға іздеу жарияланды

Қарағандыда Украина консулдығының ғимаратына әдепсіз сөз жазғандарға іздеу жарияланды

Украинаның Қарағандыдағы консулдығының ғимаратында осы елдің беделіне нұқсан келтіретін жазулар пайда болды. Белгісіз біреулер кеше түнде сол ұлтқа өлім тілеп, фашистке теңеген сөздер жазған.

  • 23 Қазан 2015
  • 247
Фото - Caravan.kz

«Фашистер», «Укроптарға өлім»  деген сөздердің жанында бұзақылар фашизмді насихаттайтын таңбаны да басып кеткен. Оның жанына өздерін таныстыру ретінде «ДШРГ» деген жазу қалдырыпты. Бұл ұйым – Украинадағы қақтығыстар кезінде қазіргі билікке қарсы айқасқан топтардың бірі. Қазір олар Украинадан бөліндік деп жүрген екі республика-сымақтың сойылын соғуда. Қазір полиция осы сорақы сөздердің авторларын іздестіріп жатыр. Оқиғаға қатысты «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар