Қарағандыда жедел жәрдем көлігі ұрланды
|
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі ұрланды. Қаскөйлер оны тура жедел жәрдем бекетінің алдынан айдап әкеткен.
Қарағандыдағы № 3 жедел жәрдем бекетінің 35-ші бригадасы мінетін УАЗ көлігі осы. Жүргізушілері қаражат жоқтығынан көліктеріміздің алқам- салқамы шығып тұр деп қынжылады. Кезекшіліктегі бригада кешкі сағат 6-лар шамасында көлікті аулаға қалдырып, аз-кем уақыт жұмыс орнында бөгелген. Кезекті шақыртуға шыққанда, жер сипап қалыпты. Дереу полицияға хабар берілген. 3 сағаттан соң дөңгелегі жарылған көлік қала шетінен табылды. Ішінен бір жәшік дәрі-дәрмек қолды болды. Ал қылмыскерлер қарасын батырған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін