Қарағандыда жоғалған қыз іздестіріліп жатыр
![]() |
Қарағандыда жоғалған қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен. |
«Полицияға Карина Дүйсенбекованың із-түзсіз жоғалғаны хабарланды. Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.
Қыздың жоғалғаны туралы оның таныстары ВКонтакте әлеуметтік желісінен хабарлаған. Ақпаратқа сәйкес, К. Дүйсенбекова 15 тамызда кешке Қарағандының Оңтүстік-Шығысындағы «Ариста» мейрамханасының маңындағы ауданда жоғалған. Жоғалған қыз «топографиялық кретинизмнен» (бейтаныс жерде жол таба алмау - ред.) зардап шегетіні айтылды.

Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін