«2 қараша күні «Қарағанды-Теміртау» авто жолының 12-ші магистралінде «Тойота Камри» мен «Тойота Лэнд Крузер Прадо» көліктері соғылған. Апат салдарынан жарақаттың ауырлығынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, екі адам жараланды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мамандардың айтуынша, апатқа көліктің қарсы жолаққа шығып кету себеп болған», — делінген хабарламада.