«Бұған электр желісіндегі ақау себеп болған, оны біздің зертхана анықтап отыр. Бірақ, жүргізіліп жатқан тәуелсіз кешенді сараптама аяқталғаннан кейін нақты қорытынды шығарылады»,- деді Вадим Магамадов.
Үстіміздегі жылдың тамызында «Ақжолтай» базарына тексеру жүргізіліп, тексеру барысында 35 заң бұзушылықтар анықталған болатын. Атап айтқанда, нысан автоматты өрт дабыл жүйесімен толық қамтамасыз етілмеген, сауда орындарының шатыры тез жанатын материалдармен жабылған, ғимараттың іші қоқысқа толы.
Нұсқауда «іс-шаралар 2007 жылдың 12-қарашасына дейін орындалсын, орындалмаған жағдайда, сотқа нысанның іс-қызметін тоқтату туралы шағым берілетін болады», деп көрсетілген.
Сотқа шағым 13-қарашада берілген. Дәл сол күн өрт шығып, оған кешікпей өрттің 4-ші дәрежесі берілген болатын.
«Егер өртке қарсы барлық нормалар мен ережелерді сақтаған жағдайда базарда шыққан өртке жол берілмес еді»,- деді В. Магамадов.
Қазір өрт сөндіру қызметкерлері адамдар жаппай жиналатын барлық нысандарға тексеру жүргізуде: бұл ең бірінші кезекте ірі сауда орталықтары — ОУМ (ЦУМ), «Абзал», «Сити Мол», сондай-ақ интернат үйлері мен мектептер.
Бүгінде сотқа қаланың ортасында орналасқан Кеншілердің мәдениет сарайының, сонымен қатар облыстың 17 мектебінің жұмысын тоқтату туралы шағым арыз берілген.
Үстіміздегі жылы облыста 2836 өрт шығып, одан келген шығын 275 млн теңгені құраған, және де облыста шыққан тілсіз жау 50 адамның, соның ішінде 2 баланың өмірін қиған. 155 адам жарақат алған. Өрт көбінесе тұрғын үй секторында шыққан, бұл шыққан өрттің жалпы санының 68,3 пайызын құрайды; өрттің 9,6 пайызы көлікте, 7 пайызы ғимараттарда шыққан, сондай-ақ облыста шыққан өрттің 32,1 пайызына өртеу себеп болған, ал 27,8 пайызы — абайсыздықтан, 9,2 пайызы — электр құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзғандықтан шыққан.
Жыл басынан бері 8300 шаруашылық нысандарына тексеру жүргізіліп, 50 мың үйге профилактикалық рейд жүргізілген. 5200 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкерлішікке тартылып, 17 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған. Ауданаралық экономикалық сотқа нысандарды пайдалануды тоқтатуға 140 шағым арыз берілген, соның ішінде 118 кәсіпкерлік субъектілері бойынша.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті