Жарияланды: 50

Қарағандыдағы ұшақ апаты: көз жұмғандардың аты-жөні жарияланды

Қарағандыдағы ұшақ апаты: көз жұмғандардың аты-жөні жарияланды

Апаттан нұсқаушы-ұшқыш пен жеке ұшақ пилоты көз жұмды.

Азаматтық авиация комитеті Facebook-тегі ресми парақшасында Қарағандыдағы ұшақ апатында көз жұмғандардың есімдерін жариялады.

Төтенше жағдай салдарынан нұсқаушы Юрий Артемов пен жеке ұшақ пилоты Әукешев көз жұмды, деп хабарлады ведомство.

Қарағандыдағы ұшақ апаты қалай болды

Сағат 16.25-те ұшу-жаттығу кезінде Балапан аэродромында FK14 Полярис әуе кемесі апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.

Комитет өкілдері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқармасы апатқа қатысты тергеу жүргізетінін мәлімдеді.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін