Кездесуді ширақ бастаған алаң қожайындары 14-ші минутта Тино-Свен Сушичтың көмегімен есеп ашты. Кеншілердің жүйесіз шабуылы еш нәтиже берген жоқ. Тіпті 1:0 есебі сақталса да «Шахтер» келесі кезеңге өтетін еді. Бірақ орталық қорғаушылардың қателігінен қарағандылықтар 36-шы минутта тағыда бір доп жіберіп алды. Гол авторы Антуш Маглица. Үзілістен кейін қазақстандық команданың сүреңсіз ойыны одан әрі жалғасты. Ал төреші белгілеген қосымша уақытта Сандро Готаль бұл матчтың нүктесін қойды. Қортынды есеп 3:0 «Хайдуктың» пайдасында.
Сондай-ақ Еуропа Лигасында өнер көрсеткен «Астана» сырт алаңда Швецияның «АИК» командасын 0:3 есебімен ойсыратты.
Төреші ысқырығы естілісімен қарсы қақпаны торуылдаған «Астана» 36-шы минутта есеп ашты. Айып добын шебер орындаған — Фокси Кетевуама. Үзілістен кейін Дмитрий Шомко есепті еселеді. Ал 71-шы минутта Бауыржан Жолшиев қорытынды есепті орнатты.
Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам кәсіпқой рингтағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы отандасымыз Колумбияда жергілікті боксшы Фидель Монтерроса Муньосты 5-ші раундта нокаутпен жеңді. Бұл табыстан кейін Қанат WBА рейтингінде жоғарлайтыны сөзсіз.