Қарағандыға іссапармен барған шенеунік 8-қабаттан секіріп өлді
Қарағандыда оқыс оқиға! Облыс орталығына іссапармен барған шенеунік өзіне қол салды. Қарқаралы ауданы әкімінің аппарат басшысы Думан Әзімханов үдің 8-ші қабатынан секірген. 39 жастағы шенеунік Қарқаралыдан Қарағандыға арнайы шақыртумен барған екен. Ал кешкісін қала тұрғындары оның өлі денесін терезе түбінен тапты. Әзімхановты суицид жасауға қандай жайт итермелегені әзірге белгісіз. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін