Қарағандылық алты механизатор өздеріне тиесілі жер учаскелерін қайтаруды талап етіп аштық жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 511.18
  • 530.6
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық алты механизатор өздеріне тиесілі жер учаскелерін қайтаруды талап етіп аштық жариялады

Қарағандылық алты механизатор өздеріне тиесілі жер учаскелерін қайтаруды талап етіп аштық жариялады

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Крещеновка ауылының алты механизаторы өздеріне тиесілі жер учаскелері мен мүлік пайын қайтаруды талап етіп аштық жариялады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Мамыр 2004
  • 502
Фото - Caravan.kz

Наразылық шарасына қатысушылар «Крещеновка плюс» ЖШС-не біріккен 30 пайшы мен олардың отбасы мүшелерінің, жалпы алғанда 120 адамның мүддесін қорғамақшы.

Осыдан екі жыл бұрын Крещеновка ауылының тұрғындары өздерінің жер және мүлік пайымен (900 гектарын егістік алқаптары иемденетін 3 мың гектар жер және 25 техникамен) «Агросоюз» ЖШС деп аталатын ірі ауылшаруашылық бірлестігіне біріккен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, осы мерзімде «Агросоюз» келісім шарттарының бірде-бір көрсеткішін орындамаған. Адамдар жалақы ала алмай, өздері өсірген астықтың игілігін көруден қалды.
Наразылық шарасына қатысушы тракторшылар тобының жетекшісі Василий Усачевтың айтуынша, «Крещеновка серіктестігіне біріккен 42 пайшының биыл 30-ы «Агросоюз» құрамынан шығуға шешім қабылдап, жеке ЖШС құрып өз бетімен тұқым себуге талпынады». Алайда, «шаруалар серіктестікке қосқан жерін де, техникасын да кері қайтарып ала алмай отыр».
«Крещеновка плюс» ЖШС-нің директоры Иван Липатовтың айтуынша, жер телімдерін рәсімдеуге арналған құжаттар аудандық әкімшілікке өткен жылғы күзде тапсырылған. Алайда, шаруалар жер мен техниканы қайтарып алу құқығын тұқым себу науқаны басталған тұста да ие бола алған жоқ. Ал «Агросоюз» болса, шаруалардың техникасын пайдаланып егістік науқанын дер кезінде бастап жіберді, дейді ауыл тұрғындары.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыста тұқым себу науқаны басталып та кетті. Ол 26-28-мамырға дейін созылады. «Егер біз тұқым себу шараларын осы мерзімге дейін бітіре алмасақ, жер иемдену құқығынан біржола айрыламыз. Жер мемлекет меншігіне айналып шыға келеді»,- дейді аштық жариялаушылар.
Наразылық шарасына қатысушылар бұл акцияны талаптары толық қанағаттандырылмайынша тоқтатпаймыз деп отыр. «Талабымыз 7 күн ішінде орындалмаған жағдайда екі жұмысшы өзін-өзі өртеуге дейін барады»,- дейді олар.
Ауылдағы клубта аштық жариялап жатқандарға 18-мамыр күнгі жағдаймен билік өкілдерінен ешкім келіп хабарласқан жоқ.