Қарағандылық азаматқа туған әпкесін өлтірді деген күдік тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық азаматқа туған әпкесін өлтірді деген күдік тағылды

Қарағандылық азаматқа туған әпкесін өлтірді деген күдік тағылды

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Алғабас ауылының тұрғынына туған әпкесін өлтірді деген күдік тағылды.

  • 17 Мамыр 2018
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Қылмыстық іс мамандандырылған аудандық сотына түсті. Тергеу деректеріне сүйенсек, қайғылы оқиға осы жылдың 16 ақпанында болған. Бірақ істің толық дерегі қазір белгілі болды.

Сотта 35 жастағы ер адам мас күйінде туған әпкесін өлтіргені белгілі болды. Өлім болған күні күдікті жұмыстан қайтқанда 2 бөтелке алкогольді ішімдік алып келген. Әпкесі екеуінің арасында жанжал шығып, сол өлімге себеп болады.

«Бауырының үстел үстінде ішімдік ішкені ұнамаған соң, әпкесі наразылығын білдіре бастайды. Екеуі ұрысып қалады. Ол ас үй пышағын алып, әпкесіне қарай оқталады. Әпкесі жатын бөлмеге қашады. Ағасы артынан барып, ұрады, тебеді, гитараны лақтырады және бірнеше жерінен пышақтап тастайды», — делінген іс материалдарында.


Қылмыстан кейін күдікті қашып кетеді, бірақ тез арада тұтқындалады.

 

Соңғы жаңалықтар