Қарағандылық нашақор такси айдаушы әйелдерге ВИЧ-инфекция жұқтырған
![]() |
Қарағандыда үш әйелге ВИЧ-инфекцияны әдейі жұқтырды, деген күдікпен такси айдаушы ұсталды. |
Құқық қорғау органдарына зардап шеккен үш әйелден арыз түскен, олар такси айдаушымен бірге болған соң ВИЧ жұқтырғандарын мәлімдеді, деп хабарлады сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" Қазыбек би аудандық прокуратурасынан.
"Белгілі болғандай, ол ЖИТС орталықтың дәрігері ұсынған емнен бас тартып, әдейі сондай қатынастарға барған. Ауруды жұқтырған әйелдердің бірі Астана тұрғыны, екеуі қарағандылық. Оның үстіне такси айдаушы нашақор екен, есірткіні ине арқылы қабылдап келген», деді прокуратурадан.
Ұсталған жігіт изоляторда отыр. Оған қатысты 118 бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл қылмыс үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін