Жарияланды: 460

Қарағандылық полицейдің өліміне кінәлі азамат Степногорда ұсталды

Қарағандылық полицейдің өліміне кінәлі азамат Степногорда ұсталды

Ақмола облысында полицейлер Қарағанды облысындағы Ұлытау ІІБ полиция қызметкеріне қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жүрген қылмыскерді ұстады.

Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысының Степногор қаласының аумағында Қарағанды облыстық сотының 2014 жылғы 15 сәуірдегі кассациялық инстанция судьялары қаулысының негізінде Қарағанды облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-бөлімімен («Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») айып тағылды.

 2012 жылдың 27 мамырында Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының Жезді кентіндегі үйдің ауласында Қарағанды облысындағы Ұлытау аудандық МКҚБ полиция взводының ес-түзсіз жатқан полицейі табылды, оған «жабық бас-ми жарақаты, оң жақ көзінің кесілген жарасы» диагнозы қойылды.

2012 жылдың 30 мамырында полиция қызметкері Жезқазған қаласындағы орталық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жинамастан көз жұмды.

Сол кезде, аталған фактімен ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалған болатын. Күдікті азаматқа 2015 жылдың 1 қыркүйегінде мемлекетаралық іздеу салынды.

Қазіргі уақытта күдікті Степногор қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін