Қарағандылық қыздың өліміне 14 жасар құрдасы кінәлі болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық қыздың өліміне 14 жасар құрдасы кінәлі болуы мүмкін

Қарағандылық қыздың өліміне 14 жасар құрдасы кінәлі болуы мүмкін

Қарағандылық 13 жасар Настя Изотованың өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Ата-анасы мен достары қыздың өліміне құрдасын кінәлап отыр. Жасөспірім Настямен бірге бір мектепте оқыған. Бұған қоса, қыздың туыстары осы қайғылы күндері қысымға ұшырағанын хабарлады.

  • 8 Ақпан 2018
  • 140
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

14 жасар баланың анасы қайғылы оқиғадан кейін полицияға барып, Настяның ата-анасына шағымданған. Жасөспірімнің анасы қаза болған қыздың отбасын баласына қоқаң лоққы көрсетті деп кінәлап отыр.

«Қайғыдан қан жұтып отырған Настяның ата-анасына полиция қызметкерлері келіп шағым туралы хабарлады. Қыздың отбасына жаны ашығанның орнына, Настяны өлімге итермелеген баланы көбірек жақтап отыр»,-деді қыздың туысы Светлана.

Полиция «өлімге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда, 14 жасар баланың кінәлі екені дәлелденсе де, ол жазадан оңай құтылып кетеді.Бала кәмелетттік жасқа толмағандықтан оған жаза қолдану мүмкін емес.


Соңғы жаңалықтар