Қарағандылық шенеуніктер жұртпен бірге жаяу жүгірді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық  шенеуніктер  жұртпен бірге жаяу жүгірді

Қарағандылық шенеуніктер жұртпен бірге жаяу жүгірді

Қарағандыда да «Саған Астана!» деген атпен ауқымды мерекелік шаралар өтті. Бұқаралық марафонға қатысқан жұрт, жүгіріп Теміртауға дейін барды. Ал Метталлургтер қаласы мерекенің шырайын келтіру үшін тегін тәттілер таратып, Қарағанды осы күні отты шоу фестивалін өткізді.

  • 8 Шiлде 2014
  • 292
Фото - Caravan.kz

Облыс тұрғындары үнемі Теміртауға тәу етеді. Осы жолы да жүрістен жаңылмаған шенеуніктер жұртты Қарағандыдан көрші қалаға жаяу желдіріп апарған. Екі өкпесін қолына ұстап жеткендер мен жергілікті тұрғындар арнайы әзірленген тәттіге қарық болды.

Ал Қарағандының орталық саябағында елімізде алғаш рет отты шоу фестивалі ұйымдастырылды. Бұған Қазақстанның 7 қаласы мен Мәскеудегі осы саланың шеберлері келген. Елімізде енді ғана елене бастаған бұл өнерде солардан аларымыз көп дейді ұйымдастырушылар.

Николай Ушаков Қарағанды қаласы «Куба» клубының жетекшісі:   

-Бұл синтез цирк, бишілік, сахналық өнер синтездердің қайта түрленгені десем болады. Барлығы да бар бұл жерде. Шетелдік қазылар өнерімізге жақсы баға беріп отыр. Көңілдерінен шықсақ, әлемдік додаларға қатысуға мүмкіндік аламыз

Өз саласына әбден машықтанып алған жігіттер денедегі күйіктер мен алған жарақаттарының алдағы жарыстарға қатысуға кедергі келтірмейтінін айтады. Себебі от – мінез бен төзімді қалыптастырып, адамның өсіп өрекендеуіне жол ашады екен. Туған күнге оттан тарту жасаған шеберлер келер жылы мұндай шараны әлі де ауқымды етіп өткізбек ойда.