Қарағандының әкімі қызметіне Нұрлан Әубәкіров тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының әкімі қызметіне Нұрлан Әубәкіров тағайындалды

Қарағандының әкімі қызметіне Нұрлан Әубәкіров тағайындалды

Қарағанды әкімі қызметіне 38 жастағы Нұрлан Әубәкіров тағайындалды,  ол бұған дейін Балқаш қаласының әкімі болған, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 30 Маусым 2014
  • 562
Фото - Caravan.kz

«Бүгін өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағандының  жаңа әкімі Нұрлан Әубәкіровті  таныстырды», — деді облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Қала басшысының кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілді және қалалық мәслихат депутаттарының мақұлдауына ие болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұлов орынтағын өз еркімен босатты.

Н. Әубәкіров 1975 жылы 29 желтоқсанда дүниеге келді. Бұдан бұрын қаланың ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, содан кейін Қарағандының Октябрь ауданының әкімі міндеттерін атқарған. 2012 жылдан бастап Балқаш әкімі болды.