Өткен жексенбіде қыз бала ломбардқа кіріп, бағалаушы әйелге тапаншаға ұқсас затты кезеп, ақша мен зергерлік бұйымдарды беруді талап еткен, деп хабарлады сейсенбіде Октябрь ауданының прокуратурасынан.
Алайда бағалаушы әйел оған қарсылық көрсеткен.
"Оның тыңдай қоймағандығынан қыз қорқып, ломбардтан қашып шыққан. Жол полициясы қыздың жүгіргенінен секемденіп, оны ұстаған. Ол ұрлық жасамақ болғандығын мойындаған".
Тапанша жоқ болып шықты.
Қыз балаға қатысты республика Қылмыстық кодексінің 179 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.