Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловты қамау мерзімі 16 маусымға дейін ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловты қамау мерзімі 16 маусымға дейін ұзартылды

Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловты қамау мерзімі 16 маусымға дейін ұзартылды

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловты қамауға алу мерзімі 16 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінен.

  • 15 Мамыр 2015
  • 494
Фото - Caravan.kz


«Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарастырды», — делінген хабарламада.

Қаланың бұрынғы басшысы М.Смағұлов ҚР ҚК 307-бабының 4-бөлімі, 307-бабының 3-бөлімі, 307-бабының 1-бөлімімен (ауыр зардаптарға апарған қызметтік өкілеттілігін теріс пайдалану) қарастырылған жемқорлық қылмыстарды жасауда күдікті деп танылды. 

Соттың 2015 жылғы 4 мамырдағы қаулысымен өтініш қанағаттандырылып, Мейрам Смағұловтың қамауда болу мерзімі 2015 жылғы 16 маусым күнгі сағат 13:00-ге дейін ұзартылды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.