Жарияланды: 20

Қарағандының ірі жиһаз салонын белгісіз біреу өртеп жіберді

Қарағандының ірі жиһаз салонын белгісіз біреу өртеп жіберді

Қарағандыда ірі жиһаз салоны өртенді. Оны біреу өртеп жіберген.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 15 шілдеде 02:54-те Степной-2 шағын ауданында, «Zeta» жиһаз салонында 1-қабаттағы сауда залында жиһаздар, 2 терезе блогы және кеңсе техникасы жанып кеткен.

Өрт сағат 03:15-те ауыздықталып, сағат 04:02-де сөндірілді. Тілсіз жау 350 шаршы метрді құраған.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Алдын ала дерек бойынша, өртті біреу қойған. 

Ведомстводан түсіндіріп өткендей, өрттің шығу себебі өрт-техника сараптамасының қорытындысы бойынша анықталады. 

Фото әлеуметтік желілерден алынды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін