Қарағандының қақ ортасынан кесілген адам басы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының қақ ортасынан  кесілген адам басы табылды

Қарағандының қақ ортасынан кесілген адам басы табылды

Қарағандының орталық саябағында серуендеушілер жантүршігерлік жайтқа тап болды. Бір апта бұрын  көлдің жағасынан адамның кесілген басы табылған еді. Ал балалар мерекесі қарсаңында сол саябақта жатқан сөмкеден қалған дене мүшелері шыққан.

  • 3 Маусым 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz


Алайда мамандар дене мен бастың бір адамдікі екеніне сенімсіз. Полицейлер тергеудің құпиялығына балап, бұл туралы әзірге тіс жармай отыр. Тіпті оқиға орнында газет тілшілері түсірген таспаларды да тәркілеп алған. Ал бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, бұл жақында ғана із-түссіз жоғалып кеткен 63 жастағы Сәуле Сұраубаеваның сүйегі болуы мүмкін. Сәуленің туғандары марқұмды оның пәтеріне көз тігіп жүргендер қасақана өлтіруі ықтимал дейді.