Қарағандының қақ ортасында автобус жүргізушілер төбелесті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының қақ ортасында автобус жүргізушілер төбелесті

Қарағандының қақ ортасында автобус жүргізушілер төбелесті

Мерекені кеңінен атап өтпек болған Қарағандының қоғамдық көлік жүргізушілері жаға жыртысып қалды. Көшенің қақ ортасында жолаушыларға таласқан олардың төбелесі тіпті ғаламторға дейін шығып кетті.

  • 8 Шiлде 2014
  • 250
Фото - Caravan.kz


Ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, жұрттың алдында «өнер» көрсетіп жатқандар – қаладағы №3-ші автопарктің жүргізушілері. Жан алып жан беруге бар екі мықтының айқасына ара түсуге жұрттың да дәті бармай, сырттай бақылап қана тұр. Өйткені бұлар жолаушы үшін кімнің болса да кеңірдегінен алуға дайын. Жарты жыл бұрын жол жүру құнын 60 пайызға көтерген автопарктер мен шенеуніктер осыдан кейін жүргізушілердің мәдениеті өседі деп сендірген. Еске салсақ, бұған дейін де дәл осы автопарктің жүргізушілері көшенің ортасында бірін-бірі пышақтап тастаған болатын.