Қарағандының "Сары-Арқа" әуежайында МИГ-31 әскери ұшағы ұшу-қону алаңынан шығып кетті
Қарағанды. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандының "Сары-Арқа" әуежайында МИГ-31 әскери ұшағы ұшу-қону алаңынан шығып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Оқыс оқиға кеше сағат 11.20-да болған. Қарағандыда орналасқан әскери-әуе полкының екі ұшқышы айдаған ұшағы күн райын барлауға шыққан. Ұшақ қонатын кезде ұшқыштың қатесінен МИГ-31 ұшағы бетон жолақтан шығып, қарға тіреліп қалу салдарынан шассиіне ақау келген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін