«Қарағанды-Қостанай» жолаушылар пойызында 6 келіден астам есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қарағанды-Қостанай» жолаушылар пойызында 6 келіден астам есірткі тәркіленді

«Қарағанды-Қостанай» жолаушылар пойызында 6 келіден астам есірткі тәркіленді

«Қарағанды-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызында 6 келіден астам есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

  • 9 Қазан 2017
  • 190
Фото - Caravan.kz

Көліктегі ІІД Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальонының қызметкерлері «Жаңа Қарағанды-Қарағанды-Сұрыптау» өткелінде «Қарағанды-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінен 1977 жылы туған ер азаматты ұстады. Тексеру барысында одан өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды.

«Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 6 келі 355 гр. құрайтын «кептірілген марихуана» есірткі заты екені анықталды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестіне тіркелді. Ұсталған азамат Қарағанды қ. ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар