Қарамағындағы қызметкерді сабағаны үшін қылмыстық іс қозғалды - СҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарамағындағы қызметкерді сабағаны үшін қылмыстық іс қозғалды - СҚО

Қарамағындағы қызметкерді сабағаны үшін қылмыстық іс қозғалды - СҚО

Солтүстік Қазақстанда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің № 2032 әскери бөліміндегі бөлімше бастығының орынбасары қарамағанда жұмыс істейтін қызметкерді соққыға жықты.

  • 6 Қараша 2014
  • 563
Фото - Caravan.kz

«ҚР ҰҚК Шекара қызметінің № 2032 әскери бөліміндегі бөлімше бастығының орынбасары, капитан  Б. өз қарамағында жұмыс істеп жүрген қызметкерінің әрекеттерін жақтырмайтындығын білдіріп, билігі мен қызметтік өкілеттігін асырып, лейтенант Б-ны  сабаған», — деп ақпараттандырды Петропавл гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі Асылхан Смағұлов.

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Орталық аймақтық әскери-тергеу басқармасының Петропавлдағы тобының тергеушісі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.