Қарақалпақтар жаппай наразылық танытып, көшеге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарақалпақтар жаппай наразылық танытып, көшеге шықты

Қарақалпақтар жаппай наразылық танытып, көшеге шықты

Әлеуметтік желіде Өзбекстанға қарасты Қарақалпақстан автономиясының орталығы Нөкіс қаласында қарақалпақтардың көшеге шықаны жайлы видеолар тарай бастады. 

  • 2 Шiлде 2022
  • 249
Фото - Caravan.kz

Қазір елде интернет өшірілген көрінеді. Мәселенің қалай шешіліп жатқаны белгісіз. 

"Бүгін қарақалпақтардың бір белсендісі саналатын Дәулет Тәжімұрат Конституциядағы 70-75 баптың өзгеруіне қарсылық білдіріп, наразылыққа шығуға үндеу тастаған еді. Артынша оны күштік құрылымдар отбасымен бірге алып кеткен. Бұл ақпараттан кейін Нүкіс қаласының халқы көшеге шықты. Митинг бейбіт өтуде, алайда интернетке кіруде қиындықтар бар деседі", деп жазды саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Көшеге шыққандардың "Дәулет" деп айғайлағанын естуге болады.

Еске салсақ, Конституциядағы аталған өзгерістер Қарақалпақстанның егемен ел болу мүмкіндігін түбегейлі жоюды көздейді. 

 

Бүгін қарақалпақтардың бір белсендісі саналатын Дәулет Тәжімұрат Конституциядағы 70-75 баптың өзгеруіне қарсылық білдіріп, наразылыққа шығуға үндеу тастаған еді. Артынша оны күштік құрылымдар отбасымен бірге алып кеткен. Бұл ақпараттан кейін Нүкіс қаласының халқы көшеге шықты. Митинг бейбіт өтуде, алайда интернетке кіруде қиындықтар бар деседі.

Posted by Ashat Kasengali on Friday, July 1, 2022