Қарақат Әбілдина "НОСКИ" өндіретін зауыт ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарақат Әбілдина "НОСКИ" өндіретін зауыт ашты

Қарақат Әбілдина "НОСКИ" өндіретін зауыт ашты

"Balbala" атты отандық ойыншық шығарып, оны бренде айналдырған Қарақат пен Қыдырәлі бүгінгі күнде тағы бір отандық өнімді шығаруға кірісіп кетті. 

  • 10 Қаңтар 2020
  • 109
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші өзінің инстаграм әлеуметтік жазбасында:

"Бала кезімізде әжемнің "МАГАЗИНІНЕН" тек қана жамау "НОСКИЛЕР" киетінбіз. Жаңа носки деген түсінік жоқ. "НОСКИ" деген нәрсеге ешқашан көңіл бөліп қарамаппыз. Түсінікті болу үшін – жобалап есептеп көрейік.Қазір ешкім жамау кимейді.Қазақ елінде 18 миллион адам бар делік. Әр адам 1-жылда 50-парноски алады делік. 18 000 000Х50=900 000 000 миллион носки болады екен. Енді әр носки =500-теңгеден деп есептесек ,-900 000 000х500=450 000 000 000 миллиард! Бұл дәл болмаса да, біздің нарықта жылына 300-миллиардқа жуық,-сіздер мен біздердің қаражатымыз айналады екен. Ең өкініштісі-"НОСКИДЕН" түсетін осы қомақты қаражат,- біздерге носки әкеліп сататын — қытай, түрік, европа сияқты шет елдерге кетіп жатқанына 28-жыл болды. Тек носкиден біздердің игілігіміз бен дамуымызға жұмсалатын қаншама триллондаған қаражат суша ағып шет елдерге кетіп жатыр? Өз қаражатың,өз нарығыңда айналмаса,тұтынушы ел болып отыра берсек,-экономикаң ауру мал секілді,-ешқашан қоңданбайтыны анық!  Сондықтан қолымыздан келгенше,өзіміз әрекет жасайық. Бқл нарықтың талас-тартысы! Ешкім күн астындағы орынын бергісі келмейді.

Табаны күректей
28
-жыл бойы нарығымызды рекламасымен,тауарымен әбден жаулап алған "ҚОНАҚТАР",орындарын босатпайды. Ел де, жер де бізді болса да.10-шақты жыл бұрын осы сеңді бұзу үшін-БАЛБАЛА интерактивті ойыншықтар , енді носки" өндірісі,бренд жасауды бастадым. Кәсіп таппағаннан емес,отандық өнімдерді бастау үшінәрине жалғыз өзім тау қопар алмаспын,-елім бар. Көп түкірсе –көл. Өз өнімдерімізді өздеріміз қолдануымыз қажет! Біржолата тұтынушы ел болып ,"БОДАНДЫҚТА" қалуға еш болмайды! Сондықтан бәріміз басымызды қосып,бұл бірлікпен ғана алынатын қамал. Осы жолда -әр қазақ өз үлесін қосуға міндетті деп санаймын! Өндіре алмасаң- отандық өнімді сатып ал! ТОЙОТА машинасын жапондықтар өздері сатып алған.Тек жапондық машина мінуді өзінің отан алдындағы парызы деп санаған. Бүгінде ТОЙОТА ілемнің барлық елінде сатылып, машина сатудан әлем нарығының 50-пайызын иеленіп отыр.

Қаншама батыр болса да жауға салма жалғызды. Қаншама шешен болса да — дауға салма малсызды!  

Бас қосайық-бірігейік бауырлар!" — деп пікір қалдырды.

Соңғы жаңалықтар