Жарияланды: 11000

Қарақат Әбілдина тағы да ана атанды

Қарақат Әбілдина тағы да ана атанды Сурет - stan.kz

Эстрадамыздың жұлдызды жұбы Қарақат пен Қыдырәлі тағы да ата-ана атанды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Ақын Айнұр Тұрсынбаева өз инстаграм парақшасында алғашқылардың бірі болып: 
"Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!
Дәл қазір Қыдырәлі Болманов ағамның шаңырағында дүниеге айдай сұлу тағы бір қыз келді. Қарақат енді 6 баланың анасы!!! Мықтылық деген осы емес пе?! 
Ал ұйықтамағандар құттықтаңыздар"
- деп халықтан сүйінші сұрап жазба қалдырды.

Біз де Болмановтардың шаңырағындағы қуанышпен шын жүректен құттықтаймыз. Бауы берік болсын.

Еске сала кетейік, Қарақат Әбілдина 2017 жылы 14-мамырдан 15-мамырға қараған түні 4 ұлдан кейін қыз босанған болатын. Тұңғыш қыз босанған әнші ол кездегі қуанышын дүркіретіп атап өткен болатын. Енді жұлдызды жұптың 4 ұл, 2 қызы бар. 

2017 жыл, мамыр айы
2017 жыл, мамыр айы

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін