Қарақат Әбілдинаның 2,7 миллион оқырманы бар инстаграм парақшасын хакер түрік азаматы бұзып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарақат Әбілдинаның 2,7 миллион оқырманы бар инстаграм парақшасын хакер түрік азаматы бұзып алған

Қарақат Әбілдинаның 2,7 миллион оқырманы бар инстаграм парақшасын хакер түрік азаматы бұзып алған

Қарақат Әбілдинаның 2,7 миллион оқырманы бар инстаграм парақшасын xакерлер бұзып алды.

  • 8 Қаңтар 2019
  • 178
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Қарақат Әбілдинаның жеке парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әбілдинаның айтуы бойынша аккаунтын түрік азаматы бұзып алған:

"Жаңа жыл мен үшін ерекше тосынсыймен келді…))) 5 жыл бойы мені өздеріңізбен байланыстырып тұрған инста парақшам жоғалып кетті. 2,7 миллион оқырманға қызықса керек, xакерлер аккаунтты бұзып алды. Әрине, соңғы бес жылдағы естеліктер, өмірімдегі ерекше сәттер, суреттер үшін ішім ашыды. Қазір парақшаны қайтару жолын қарап жатыр. Бұйырса, оралар, бұйырмаса, ол да xайыр. Әзірге, жаңа жылда ЖАҢА парақша ашып отырмын!!! Осы аз ғана уақытта мені іздеп, парақшаның жоғалғанына алаңдаушылық білдірген барлық жандарға ерекше алғыс білдіргім келеді. 
Әрине, әлеуметтік желіден біраз тынығып қалдым, дегенмен, оқырмандарымды сағынғаным рас. Бүгінгі заманда Сіз бен біздің негізгі байланысымыз осы жер екені жасырын емес. Ендеше Сіздермен қайта қауышқаным үшін өте қуаныштымын және менің жаңа РЕСМИ парақшама ҚОШ келдіңіздер деймін!", деп жазды Қарақат ханым. 

Соңғы жаңалықтар