"Қарақатын Қолтықшаштан өте алар ма екенбіз деп едім" Келінжанның әр бөлімі трендте тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қарақатын Қолтықшаштан өте алар ма екенбіз деп едім"  Келінжанның әр бөлімі трендте тұр

"Қарақатын Қолтықшаштан өте алар ма екенбіз деп едім" Келінжанның әр бөлімі трендте тұр

"Келінжан" телехикаясының бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова екінші маусымын көрермен қалай қабылдар екен деп қобалжығанын жасырмады.

  • 12 Қазан 2020
  • 117
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"YouTube — та бірінші орынға шықтық. Қарақатын-Қолтықшаштан өте алар ма екенбіз деп едім. Өттік. Келінжанның эфирге шыққан әр сериясы трендте тұр. Көрерменге мың алғыс, бәрі де сіздердің арқаларыңыз" — деп өз қуанышымен бөлісті. 

Ал енді телехикая актерлері бұл туралы не дейді екен.

Сара Амангелді (Асылым): "Бірінші сезоннан қарағанда екінші сезон мен үшін оңай болды. Өйткені бірінші сезонда ашыла алмадым. Қазіргі сезонда уже өз отбасым сияқты бәрі, емін-еркін білмегенімді сұрап, ойнап-күліп ойдағыдай күшті болды."

Дәулет Өсербай (Асқар): "Шынымды айтсам бастапқы маусымы дебют болған соң қиын болды. Қобалжулар болды. Мынаны қалай ойнасам болады, дұрыс ойнап жатырмын ба деген сұрақтар тұрды тек. Жауапкершлік болды, бұл рөлді алып шағы аламын ба жоқ па? — деген ойлар мазалады. Бұл жерде қолдау көп болды. Гүлнұр ханымның өзі келіп, уайымдама жақсы алып шығасың, ойнай аласың деп. Тағы бір жан бар жақын ағам болып кеткен Рүстем Жаныаманов ағам маған мына жере былай ойнап көрші, былай жасашы деп өте көп көмектесті.

Дариға Бадықова (Айсара): "Келінжан өте жақсы сериял негізінде.Өйткені кез-келген адамға қазан-ошақтың басында болып жатқан нәрселерді көрсетсең ұнайды. Әпке, аға, іні, жеңгелеріміз бар солардың болып жатқан тұрмыс тіршілігі бұл өте қызық. Қазіргі таңда 2019-2020 жылғы ең мықты сериял деп осы Келінжанды ауыз толтырып айта алам. Себебі өзім түскендіктен емес, мен актерлік көзқараспен емес қарапайым көрерменнің көзқарасымен қарасамда ойым осылай"

Рүстем Жаныаманов (Қылышбек): "Көрермендердің оң пікірін оқудамыз, тыңдаудамыз. Бәрі шынайы ойнасыздар, жасандылық жоқ,  бәрі өмірдегідей керемет деген ыстық ықыластарын сезінудеміз. Сол өмірдегі шынайы тірліктерді көрсеткендіктенде біз көрерменге ұнап жатырмыз деп ойлаймын."

Естеріңізге сала кетейік, екінші маусымның алғашқы бес бөлімінің де рейтингісі жарып тұр яғни тренде тұр.

Көрермендер: "Айсара ең мықты актриса","Келінжан сияқты қазақтарда сериял жоқ шығар шынайы","Актерлеріне сөз жоқ күшті ойнайды","Трендтен түспеңіздер" — деген жақсы пікірлерін жазуда.

Соңғы жаңалықтар