Қарасай ауданында иесіз қалған «Ұлан» балалар лагерінде 53 - танкіге, 19 - жаяу әскерге қарсы қолданылатын мина табылды
Алматы облысының Қарасай ауданында иесіз қалған «Ұлан» балалар лагерінде 53 - танкіге, 19 - жаяу әскерге қарсы қолданылатын мина табылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында лагерь клубының жертөлесінен табылған қауіпті заттардың оқу-жаттығу миналары екендігі анықталды. Аталған заттарды жою үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлік тобы алып кетті. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін